Боралдай сақ қорғаны аспан астындағы мұражайға айналуы мүмкін

Боралдай сақ қорғаны аспан астындағы мұражайға айналуы мүмкін

Боралдай сақ қорғаны аспан астындағы мұражайға айналуы мүмкін
ашық дереккөзі
Алматыда аспан астындағы мұражай бой көтеруі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.  Қала әкімі туристерді тартатын, тарихты өскелең ұрпаққа танытатын аспан астындағы мұражай Боралдай сақ қорғанында құру қажет деп кесіп айтты. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы жарыққа шыққаннан бастап, онда қарастырылған жобаларды қала билігі жүзеге асырып, жоспарлы түрде қамдауда. «Баршаңызға белгілі, «Туған жер» бағдарламасы елбасы өзінің мақаласы аясында іске асыруға ұсынған көп мерзімді жоба болып табылады. Бүгінгі таңда, осы жобаны іске асыру бойынша түсіп жатқан ұсыныстарды талқылап және оларды іске асыру бойынша арнай жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мемлекеттік қызметкерлер, белгілі қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар, сарапшылар енгізілді. Ұзын саны 22 адам»,- деді қала әкімінің орынбасары, Арман ҚЫРЫҚБАЕВ. Жұмыс топтары түр түрімен бөлініп, Қазақстанның қастерлі географиялық белдеуінде орын алатын Алматыға ерекше назар аударуда. Елбасы мақаласындағы Туған жер жобасы өзінің қолындағы бар әлеуетін әлеуметтің игілігіне жаратуға жұмсайтын Алматылық кәсіпкерлер көпке үлгі бола алады дейді жергілікті билік өкілдері. «Енді мына біздің депутаттың қолдауымен қазақ мектебі сол кезде ашылды сапалы, жаңа. Қалада, ешкімге жасырын емес жер өте аз. Көп болғанымен банкте құны өте жоғары. Сондықтан, біз жер телімдерін тауып, қазір осы мәселені шешіп жатырмыз. Проекттерді жаңаша салып, осы кәсіпкерлердің қолдауымен де оны біз жасауға тырысамыз»,- деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.