269
Қаржы пирамидасымен айналысқан сыбайластары жазадан құтылып кетті
Қаржы пирамидасымен айналысқан сыбайластары жазадан құтылып кетті
Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларында 1,5 мың салымшының 3 миллиард теңгесін алып, оларды сан қақтырған Optovka қаржы пирамидасын құруға қатысы бар алты адамға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Пирамиданың негізін қалады деп күдіктеліп отырған Елена Колесникова ғана сот алдында жауап беретін болады. Қарағанды облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Колесниковаға қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа тапсырылды.
«Әйелге ҚК-нің 217-бабы 3-бөлімі («Аса ірі көлемде ақша немесе өзге мүлікті тарта отырып, қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету») бойынша айып тағылды, - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.
- Іс соттың қарауына жіберілді. Анықталғандай, фирма тарапынан жеке тұлғалардан 3 миллиард теңгеге жуық ақша жиналып, оның 2 миллиарды салымшыларға қайтарылмаған. Бір жарым мыңға жуық салымшы мен куәгерлерден жауап алынып, екі мыңға жуық тексеру әрекеттері жүргізілді, олардың қатарында сот сараптамалары және басқа да тексерулер бар».
Әйелдің айтуынша, оның алаяқтық жасау ниеті болмаған, азаматтардың ақшасын қайтарып беруіне жеке салымшылардың шағымдары мен тексеру органдарының араласуы кедергі болған. Қаржы пирамидасының болжалды негізін қалаушы Елена Колесникова қамауға алынды.