234
Қара алтынның бағасы көтерілді
Қара алтынның бағасы көтерілді
Қара алтынның Брент маркасы сәуір айының 18-нен бері алғаш рет 54,07 АҚШ долларына саудаланды.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, мұнайдың қымбаттауына ОПЕК елдері мен Ресейдің кездесу өткізетіні әсер етсе керек.
Өйткені осы жиында тараптар мұнай өндірісін қысқару туралы келісімді одан әрі созуға сөз байласуы мүмкін.