Қытайлардың көру қабілеті нашар

Қытайлардың көру қабілеті нашар

Қытайлардың көру қабілеті нашар
ашық дереккөзі
457
Бейжің университетінің (Peking University) жасаған анықтама қортындысы бойынша, 2020 жылға барғанда Қытай халқының 50 пайызы миопия (алыстан көре алмаушылық) ауыруына шалдығады екен. Бұл туралы сол елдің «Шинлаң» агенттігінің ресми сайты хабарлайды деп жазады Qazaqtimes. Аталған университеттің ғылыми зерттеу группасы жүргізген тексеру нәтижесі бойынша 2020 жылы алыстан көре алмау ауыруына шалдығатын қытайлықтар саны 70 млн-ға артады. Мұның басты себебі ретінде жастар мен жасөспірімдердің мектептен тартып жоғары оқу орынға дейінгі үйренуге, түрлі емтихандарға бөлетін уақытының көптігін алға тартуда. Ал қосымша факторлар ретінде көзге зиянды тұрмыстық әдеттер және күн сайын артып келе жатқан компьютер, ұялы телефон қатарлы бұйымдардың қолданылу уақытының ұзақтығы деп көрсетті. Зерттеушілер осылардың арасында телефонның адам көзіне ең көп зиян келтіретіндігін ерекше ескертті. Телефон экранына қарап жұмыс істеу уақыты 24 сағат ішінде 55 минуттан асса 2-3 жыл ішінде адамның алыстан көрмеу ауыруына шалдығатынын айтып отыр.  

Серіктес жаңалықтары