Мемлекеттік хатшы шығармашыл жастармен кездесті

Мемлекеттік хатшы шығармашыл жастармен кездесті

Мемлекеттік хатшы шығармашыл жастармен кездесті
ашық дереккөзі
249
Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова шығармашыл жастармен кездесті. Емен-жарқын әңгіме барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы сөз болды деп хабарлайды Хабар 24. Мемлекеттік хатшы еліміз саяси, экономикалық реформаларды іске асырып қана қоймай, рухани жаңғыруға бет алғанын атап өтті. Қазақстандық әрбір төртінші азамат жастар екенін айта келе, өскелең ұрпақ өкілдерін бұл іске атсалысуға шақырды. Ал шығармашыл жастар қауымы Президенттің мақаласында көрініс тапқан туған жер, латын әліпбиіне көшу, ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесі төңірегінде ойларын ортаға салды. Нақты ұсыныстар білдірді. Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы: – Үлкен бағдарлама шықты. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бойынша қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы нақты жобалар белгіленіп жатыр. Туған ел, заманауи мәдениетті қалай көтеру мәселесіне байланысты да жобалар бар. Енді жастар бәсекелестікке төтеп беру, білім салтанат құрған заман орнату туралы талаптар қойылып отыр. Сондықтан осының бәрі ең басты сіздермен байланысты болады деп ойлаймын. Әділ Ахметов, театр және кино актері: – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мені ерекше толғандырған бөлімдер бар. Соның ішінде ең бастысы – XXI ғасырдағы ұлттық сананың қалыптасуы. Демек біз өзіміздің ұлттық бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді сақтай отырып, кейбір керағар кертартпа қасиеттерден арылу керек.    

Серіктес жаңалықтары