Соңғы 25 жылда ұрлық 8 пайызға өскен

Соңғы 25 жылда ұрлық 8 пайызға өскен

Соңғы 25 жылда ұрлық 8 пайызға өскен
ашық дереккөзі
1902
Елімізде соңғы 25 жылда ұрлық 8 пайызға өскен. Заңбұзушылықтың бұл түрі жалпы жасалған қылмыстың 60 пайызын құрап отыр деп хабарлайды Хабар 24. Қазір республикада аталған көрсеткішті төмендетіп, алдын алу үшін кешенді шаралар жүріп жатыр. Осы мақсатта Жамбыл облысына жіберілген ведомствоаралық арнайы топ жұмысын қорытындылады. Білікті мамандар бір ай бойы жұмыс істеп, бүгін нәтижесін шығарды. Бірінші кезекте олар ұрлық жиі болатын жерлерді жіті зерттеген. Өңірдегі 7 базар, автопарктер және мал базарлардағы жағдайға баса мән берді. Құжатсыз, есепке алынбаған 246 малды тасымалдаған 30 көлік иелері анықталып, жауапқа тартылды. Айтуынша, көп жағдайда жұрт малдың арнайы базада тіркелуі тиіс екендігінен хабарсыз болып шыққан. Сондықтан түсіндіру мақсатында 10 аудан 3 ауылдық округті аралап, екі жарым мың тұрғынмен кездесу өткізді. Құсайын Игембаев, ҚР Бас Прокуратурасының департамент басшысы:Нәтижесінде бүгін облыста ұрлық 12 пайызға кеміп тұр. Қоғамдық жерлерде әсересе автопарктермен жұмыс өте қызу жүргізілді. Соның арқасында сәуір айында наурыз айына қарағанда, 30 пайызға кеміді. Оның ішінде автобустың ішіндегі ұрлықтар, қала ұрлықтары бар. Ал қазір мамыр айында сәуірмен салыстырсақ, екі есе азайып келе жатыр.  

Серіктес жаңалықтары