"Әлемдік дін басшылары мен көрнекті саясаткерлерге бір-бірін тыңдауына мүмкіндік береміз"

"Әлемдік дін басшылары мен көрнекті саясаткерлерге бір-бірін тыңдауына мүмкіндік береміз"

"Әлемдік дін басшылары мен көрнекті саясаткерлерге бір-бірін тыңдауына мүмкіндік береміз"
ашық дереккөзі
363
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабия Королінің кеңесшісі, Ислам зерттеу орталығының төрағасы ханзада Турки әл-Фйсал бен Абдель-Азиз әл-Саудты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Парламент Сенаты баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мәртебелі мейманмен кездесу барысында Тоқаев екі елдің арасындағы қарым-қатынастың оң сипатқа ие екендігін, оған 2016 жылдың қазанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Эр-Риядқа сапары тың серпін бергенін баса атап өтті. Спикер Қазақстанның саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі жайында тарқата айтып берді. Кездесуге қатысшылар Сириядағы ахуалға байланысты да пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев елордада тұрақты өтіп келе жатқан Астана процесі сириялық дағдарысты бейбіт жолмен шешуге салмақты үлес қосатындығын баса айтты. Сенат төрағасы әңгімелесушісіне күні кеше ғана өткен Дәстүрлі және әлемдік діндер көшбасшылары съезі хатшылығы отырысының қорытындысы жайында да егжей-тегжейлі айтып берді. «Біз бір үстел басына әлемдік діндер басшылары мен көрнекті саясаткерлерді жинап, олардың бір-бірін тыңдауына мүмкіндік береміз», - деп атап өтті Тоқаев. Осыған орай Сенат төрағасы Венада орналасқан Король Абдалла бен Абдель-Азиз атындағы Халықаралық дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығымен байланысты жалғастыру маңыздылығына айрықша тоқталды. Естеріңізге сала кетсек, Сауд Арабиясының ханзадасы Түрки ибн Фейсал әл-Сауд кеше елордадағы Қазақстанның Ұлттық музейінде Сауд Арабиясының королі Фейсал ибн Абдул-Азиздің жеке заттары қойылған «Әл Фейсал: Әділдік пен ерлік жолы» тақырыбындағы көрменің ашылуына қатысқан болатын.    

Серіктес жаңалықтары