506
Shymkent City қандай болмақ?
Shymkent City қандай болмақ?
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев "Shymkent City" жобасының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Түймебаев Шымкент қаласын үшінші ірі мегаполиске айналдыру үлкен мәселе екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 923 000 адам тұрып жатыр екен.
"Әлемдік деңгейде мегаполиске жататын қалалардың арнайы көрсеткіштері мен индикаторлары бар екенін білесіздер. Шымкент мегаполисіне байланысты көрсеткіштер мен индикаторлар әлі де қарастырылуда. Мысалы, қаладағы жеке меншікке жататын жер үйлер саны 217 мың болса (тұрғындардың 60,7 %,560 280 адам), көпқабатты тұрғын үй саны не бары – 2 042 (тұрғындардың 39,3 %, 362 720 адам). көпқабатты тұрғын үй саны не бары – 2 042", — деді ОҚО әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түймебаев "Shymkent City" жобасының жүзеге асырылу барысына тоқталды.
420 га жерді қамтитын жобаға байланысты барлық негізгі инфрақұрылымдық жұмыстар биылғы жылдың аяғына дейін аяқталмақ.
"Болашақта ол 70 мың халық тұратын тұрғын ауданға айналады", — деді әкім.
Облыс басшысы халықты баспанамен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмысты тілге тиек етті. Бүгінде өңірде 87 214 адам пәтер алу кезегінде тұр. "Кезекте тұрғандардың мәселесін шешу мақсатында біз жылына түрлі қаржы көздерін, оның ішінде мемлекеттік жеке меншік әріптестік механизмін пайдалана отырып, жылына 1 миллионнан кем емес шаршы метр тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан 206 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы биылғы жылы 8 052 пәтер тасырылады", — деді ол. Жер телімі кезегінде тұрған 172 мың адамның да мәселесін шешеміз деп отыр облыс басшылығы.