Батыс Қазақстанда 83 адамға рақымшылық жасалды

Батыс Қазақстанда 83 адамға рақымшылық жасалды

Батыс Қазақстанда 83 адамға рақымшылық жасалды
ашық дереккөзі
341
Батыс Қазақстанда 83 адамға рақымшылық жасалды «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңы қолданыла бастаған өткен жылдың 23 желтоқсанынан бері Батыс Қазақстан облысында сот қаулысымен 83 адамға рақымшылық жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». БҚО прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету басқармасының басшысы Нұрлан Мақатовтың сөзіне қарағанда, соның ішінде үшеуі – әйел, біреуі – жасөспірім, 79-ы – ер адам. Қылмыстық теріс қылық бойынша 20, аса ауыр емес қылмыстар бойынша 24, орташа дәрежелі қылмыстар бойынша 24, ауыр қылмыстар бойынша 20 рақымшылық шарасы қолданылды. Нұрлан Мақатовтың айтуынша, жыл басынан бері прокурорлар барлығы 438 қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаса, соның ішінде жемқорлық қылмыстары үнемі бақылауда. Қылмыстың бұл түрі бойынша облыс соттары 13 адамға қатысты 11 қылмыстық істі қарап, барлығында айыптау үкімдерін шығарды. Соның ішінде алтауы бас бостандығынан айырылса, төртеуінің бас бостандығы шектеліп, рақымшылық заңына сәйкес негізгі жазадан босатылды. Екі сотталушыға (Оразбаева мен Әлімоваға) бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі 3 жыл 6 айға дейін қысқартылды. Сондай-ақ, үш сотталушыға айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары