"Алғабаста" тағы бір үй қисайған

"Алғабаста" тағы бір үй қисайған

"Алғабаста" тағы бір үй қисайған
ашық дереккөзі
Алматыдағы Алғабас ықшамауданында тағы бір үйдің қабырғасы сөгіліп, қисайып жатыр. Ғимаратты соққан мердігер компания – былтырғы жылы ғана дәл осындай жағдаймен, басы дауға іліккен "Астана Құрылыс" акционерлік қоғамы. Шалқайып тұрған үй тұрғындары жер тербелсе  үйіміз жермен жексен бола ма деп уайымдап отыр. Негзінен бұл үйді мүгедектер, соғыс ардагерлері, жетімдер сияқты әлеуметтік аз қамтылған отбасылар алған. Жылдар бойы кезекте тұрып, қолымыз әрең жеткен баспана қирап қалса, қайда барамыз деп уайым жеуде. Ал осы ғимараттардың барлығын соққан мердігер компания «Астана-  құрылыс» акционерлік қоғамы алаңдауға негіз жоқ деп, түк болмағандай отыр. «Астана-құрылыс» АҚ өндіріс бөлімінің басшысы Валерий Гадетский: «Үйді бекіту жұмыстары басталып кетті. Бірінші кезекте жанында тұрған баспананың іргетасын бекіттік. Енді аталмыш үйді түзетіп жатырмыз. Ені бойынша 10-12 сантиметр, ұзындығы бойынша 20-21 сантиметр қисаю бар. Оған жауын-шашын негіз болған», - дейді. Апатты үй тұрғындары енді тәуелсіз сараптама жалдап, құрылыс компаниясын сотқа беруге оқталып отыр.