Тәжік студенттері Сауд Арабиясында оқудан шектелді

Тәжік студенттері Сауд Арабиясында оқудан шектелді

Тәжік студенттері Сауд Арабиясында оқудан шектелді
ашық дереккөзі
Тәжікстанда 50 студент Сауд Арабиясындағы жоғары оқу орындарындағы сабаққа бара алмады. Сауд Арабиясының Тәжікстандағы елшілігі қызметкерінің айтуынша, тәжік студенттерінің бұл елде білім алу мәселесі әлі шешімін таппаған. Студенттердің бірінің айтуынша, 2016 жылы тамызда Тәжікстан білім және ғылым министрлігінде байқау ұйымдастырылып, биыл қаңтарда студенттер Эр-Риядқа баруы тиіс болған. Содан бері бес ай өтті, олар ешқандай жауап алмаған. Министрліктің халықаралық бағдарламалар орталығының директоры Исматулло Шодиевтің мәлімдеуінше, бұл мәселе тоғыз айға созылып кетті. "Сауд Арабиясы елу студенттің әрқайсысының ісін тексеріп, олардың келуіне рұқсат берді. Бірақ студенттердің қашан оқуға баратыны әлі белгісіз", - деді ол. Сауд Арабиясының Тәжікстандағы елшісі Абдулазиз бин Мұхаммад Албоди бұл мәселеге қатысты жаңа мәліметтерді тәжік тарапына жылдам жеткізіп тұруға уәде берді. 2017 жылы қаңтарда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Сауд Арабиясына сапары кезінде тәжік студенттеріне квота бөлу жөнінде келісім жасалған.