172
"Евровидение-2017" сахнасында шалбарын шешкен пранкер 5 жылға сотталуы мүмкін
"Евровидение-2017" сахнасында шалбарын шешкен пранкер 5 жылға сотталуы мүмкін
Eurovision ақтық сынының тікелей эфирінде әнші Жамала ән салып жатқан уақытта сахнаға көтеріліп, ұятты жерін көрсеткен украиналық азамат бес жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.
Сахнаға Австралия туын алып шыққан бұл адамның кейінірек украиналық пранкер Виталий Седюк екені анықталды.
"Ол сотқа дейін екі тәулікке қамауға алынды, сот 15 мамырда бұзақылық үшін - айыппұлдан бастап бес жыл түрме жазасын белгілейді", - деп жазды Аваков өз фейсбук парақшасында.
Седюк өз әрекетін "ресми емес түрде дау шығаратын журналист боп істеймін" деп түсіндірген. Седюкті сахнадан күзетшілер тез түсіріп әкетті.
Кейін Седюк үшін австралиялық журналист кешірім сұрап, ерсі қылық көрсеткен кісінің Австралия азаматы еместігін айтты. "Біз бұл адамның қылығынан қорқып қалдық. Кешірім сұраймын", - деді журналист.
14 сәуірде Киевте Eurovision ән байқауының ақтық сыны өтіп, Португалия әншісі бас жүлдені жеңіп алды.