312
«Жас қанаттың» жас таланттары
«Жас қанаттың» жас таланттары
Елордада «Жас қанат-2017» республикалық жас орындаушылар байқауы аяқталды. Бұл туралы байқаудың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтық сында «Алтын қанат» үшін 5 конкурсант бақ таластырды. Олар 18 жастағы талдықорғандық әнші Әнел Смайылова, Петропавлдан келген 20 жастағы Бүркіт Жанай, өскемендік IN CORO тобы, Алматының намысын қорғаған 15 жастағы Томирис Жанғазинова және Павлодардан 28 жастағы Мадияр Бақтияров.
Қазылар алқасына жеңімпазды таңдау оңайға соқпады. Дегенмен, үздік әнші әрі «Жас қанаттың» биылғы «алтын қанатының» иегері анықталды. Ол - Мадияр Бақтияров.
Екінші орын және «күміс қанат» Бүркіт Жанайға, үшінші орын және «қола қанат» IN CORO тобына бұйырды.
Сонымен қатар биыл байқауға қонақ ретінде жас әнші Сара Ұланқызы қатысты. Келесі жылы ол «Алтын қанат» үшін бағын сынап көруге мүмкіндік алды. 17 жасар Сара Ж.Елебек атындағы эстрада және цирк колледжінің студенті. Үлкен сахнада өнер көрсеткен жас әншінің алдағы сайыстан үміті зор.