524
Алматыда атыс ұйымдастырғандар бала ұрламақ болған
Алматыда атыс ұйымдастырғандар бала ұрламақ болған
Кеше кешке жақын Алматының "Мамыр" шағынауданында жаппай төбелес болып, соңы атыспен аяқталған. Салдарынан бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Куәгерлердің сөзінше, қарақшылар бала ұрлауды жоспарлап, ақыры аяғында оның әкесін атып кеткен. Оқиға орнында болғандар Gеlendwagen мінген адамдар Toyota 4runner көлігінен баланы алып кету үшін рөлде отырған жеткіншектің ағасын тапаншамен атпақ болғанда оқ әкесіне тигенін айтады. Бұл ақпаратты ер баланың өзі ре растады.