Алматыда автобуспен соқтығысқан G-санаттағы Mercedes-Benz көлігін прокуратура қызметкері тізгіндеген. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
"G-санатындағы Mercedes-Benz көлігінің рөлінде Алматы қаласы аудандық прокуратурасының қызметкері болды. Ағымдағы жылдың екінші мамырынан бастап ол кезекті еңбек демалысында болған", - дейді NUR.KZ тілшісіне Алматы прокуратурасының баспасөз қызметінде. Еске салсақ, Алматының Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесі қиылысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 23 адам түрлі жарақат алды.Автобуспен соқтығысқан "Гелендвагеннің" тізгінінде прокуратура қызметкері болған

Автобуспен соқтығысқан "Гелендвагеннің" тізгінінде прокуратура қызметкері болған