Елбасының ағылшыншасы жұртты сүйсінтті

/
Елбасының ағылшыншасы жұртты сүйсінтті
ашық дереккөзі
Елбасының ағылшыншасы жұртты сүйсінтті

Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

 Кездесудің басында мемлекет басшысы Катсудың жағдайын ағылшынша сұрады.
"How are you?" , - деп сұраған президент сұрағына Шигео мырза: "Very well, thank you so much, how are you? (Өте жақсы, үлкен рахмет, ал сіздің жағдайыңыз қалай?)", - деп жауап берді. "Fine, thank you. Please, your report (Жақсы, рахмет. Сіздің жауабыңыз, өтініш)", - деді Назарбаев өз кезегінде.
Кездесуде президентке білім беру мекемесінің жұмыс нәтижелері туралы есеп беріліп, университеттің құрылғанынан бергі жетістіктері және оны бұдан әрі дамыту жоспарлары жөнінде баяндалды. Елбасыға «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесі 7 жылдағы өз жұмысы барысында жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының үздік тәжірибесін қабылдағаны, сондай-ақ оқу орнында болашағынан үміт күттіретін ең дарынды студенттерді іріктеуге септігін тигізетін меритократия қағидаты енгізілгені мәлімделді. Шигео Катсудың айтуынша, қазіргі кезде дербес білім беру мекемесі ретіндегі бұл мықты зерттеу университеті ұлттық деңгейде тұрақты әріптестікті қалыптастыру үшін технологияларды дамытуға, білімді жетілдіруге зор мүмкіндік береді. Биыл «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің үшінші түлектері оқуды тәмамдайды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары