1097
Оқушының басындағы битті керосинмен өлтірмек болған медбике жасөспірімді жазым ете жаздады
Оқушының басындағы битті керосинмен өлтірмек болған медбике жасөспірімді жазым ете жаздады

Қарағанды облысында мектеп-интернатта басындағы битті улаған сегізінші сынып оқушысы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды КТК арнасы.
Осыдан бір апта бұрын шауып жүрген Нұрқанат құрбылары қолтықтамаса қозғала алмайтын халге жеткен. Басы айналып, аяқ-қолы тартылып қала береді. Ал медбике дәрілеген шашының арасынан күйген терілері көрініп тұр. Оқушы қыз болса, басына керосин жағылғанын анық білемін дейді. "Жаман бензин сияқты иісі бар нәрсе жаққан. Білемін ғой мен. Банканың қақпағын ашқан кезде бірден иісі мүңкіп шығып кетті. Ол кісі айтты керосин деп. Басында қарсы болдым сосын ол кісі ештеңе болмайды, түк етпейді деді. Жақты, содан кейін құлап қала бердім", - дейді сегізінші сынып оқушысы Нұрқанат Еркін.Дел-сал күйге түскен қызды интернат басшылығы ертеңіне үйіне әкеліп тастаған. Жақындары үйге дәрігер шақыртып баланы бірден Теміртаудың ауруханасына жөнелтіпті.