328
Салмақ тастаған қызметкерлеріне сыйақы беретін компания желіде танымал болды
Салмақ тастаған қызметкерлеріне сыйақы беретін компания желіде танымал болды
Қытайлық компания артық салмақтан арылудың жаңа әдісін ойлап тапты. Компания директоры салмақ тастайтын қызметкерлер үшін арнайы сыйақы тағайындаған. Бұл жөнінде шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап Baq.kz хабарлады.
«Арықтағаны үшін сыйақы» атты ерекше акция бірінші наурызда басталған. Бүгінде әр ай сайын жұмысшылардың жартысынан астамы сыйақы алады екен. Мәселен, Чжоу Вэй есімді қызметкер екі ай ішінде он келі тастап, 2000 юань алған. Компания президенті Ван Сюэюйдің айтуынша, нәтиже оның күткенінен де асып түсіпті. Қол астындағы қызметкерлері басшының бұл идеясын қуана-қуана қолдаған. «Біз бұл идеяны тек ақша үшін ғана қолдаған жоқпыз. Бұл акция құр сөзден нақты іске көшуге түрткі болды», - дейді компания қызметкерлері. Компания директоры акцияны жыл соңына дейін жалғастыруды жоспарлап отыр.