Атамбаев: Ресейдің проблемасы - ұлт араздығын туғызушы саясаткерлер

Атамбаев: Ресейдің проблемасы - ұлт араздығын туғызушы саясаткерлер

Атамбаев: Ресейдің проблемасы - ұлт араздығын туғызушы саясаткерлер
ашық дереккөзі
196
Қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаев Бішкекте өткен митинг-реквием кезінде Санкт-Петербургтегі терактіден соң қырғыз мигранттарына қарсы шыққан ресейлік саясаткерлерді сынады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Президенттің айтуынша, соңғы жылдары Ресейде екі халықтың арасына от салушылар, ксенофобиялық пікір таратушылар көбейді. Атамбаевтың айтуынша, Санкт-Петербург метросындағы шабуылды "жекелеген ресейлік саясаткерлер мен БАҚ Қырғызстан мигранттарына қарсы науқанға айналдырып жіберді". "Мәселен, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Константин Затулин "Россия-1" мемлекеттік телеарнасы эфирінде қырғыз мигранттарына қатаң шара қолдануға үндеп, қырғыздар - жатжұрттық, Ресейді байырғы заманнан мекендеген халықтарға еш қатысы жоқ деп айтқан", - деді Атамбаев. "Ресейдің проблемасы - "жатжұрттықтар" немесе қырғыз еңбек мигранттары емес, өз арасында ксенофобия мен ұлт араздығын туғызушы кейбір жазушылар мен саясаткерлер", - деді қырғыз президенті.

Серіктес жаңалықтары