Таиландтағы жарылыстан 42 адам жараланды

Таиландтағы жарылыстан 42 адам жараланды

Таиландтағы жарылыстан 42 адам жараланды
ашық дереккөзі
216
Таиландтың оңтүстігіндегі Паттани қаласында сауда орталығы жанында автокөлікте болған жарылыс салдарынан 42 адам жараланған. Екі адамның жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Азаттық радиосы.  Автокөлікке мина қойған адамдар із жасырған. Қазір оларды іздестіріп жатыр. Полиция бұл шабуылға қатысы болуы мүмкін деп елдің оңтүстігіндегі үш провинцияда әрекет ететін исламшыл сепаратистерден күдіктенеді. Таиландтан бөлінуді көксейтін сепаратистермен соңғы он жылда қарулы күрес барысында алты мыңнан астам адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары