Авраам Руссо: Қазақстан - ресейлік әртістерді асырап отырған мемлекет

Авраам Руссо: Қазақстан - ресейлік әртістерді асырап отырған мемлекет

Авраам Руссо: Қазақстан - ресейлік әртістерді асырап отырған мемлекет
ашық дереккөзі
340
Жуырда Алматыға келген Ресейдің танымал әншісі Авраам Руссо «Время» басылымына берген сұхбатында ресейлік әртістердің Қазақстандағы гонорары туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ. "Иә, Қазақстан ресейлік әртістерді асырап отырған мемлекет. Дегенмен соңғы екі жылда экономикалық ахуалдарға байланысты ресейлік әртістердің өнер көрсетуі 10 есеге азайып кетті. Алайда бұған дейін елдеріңіз қарқынды дамып келе жатты. Сол кезде әртістердің Ресейден гөрі Қазақстанда гонорары әлдеқайда жоғары болатын", - деген әнші өзіде кезінде 1 сағат көлемінде ән салғаны үшін 35 - 40 мың доллар алғанын мойындады. "Кейбір әртістердің 100, 150 тіпті 200 мың долларға дейін алғанын білемін. Алайда қазір ондай гонорардың көлемі екі есеге азайып кетті. Дегенмен мен ештеңеге қарамастан Қазақстанға келгенді жақсы көрем. Себебі мұнда адамдардың мені жақсы көретінін сезем. Мен бұл жақтан достар да таптым. Олардың арасында қазақтар да, түріктер де, орыстар да бар. Мен тіпті кейбір әртістер бара бермейтін Қазақстанның барлық қаласында болдым. Мәселен, Шымкентті жақсы білем", - дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары