Головкин-Альварес кездесуінің уақыты белгіленді

Головкин-Альварес кездесуінің уақыты белгіленді

Головкин-Альварес кездесуінің уақыты белгіленді
ашық дереккөзі
142
Бүгін, 7 мамырда T-mobile аренасында өткен Сауль Альварес пен кіші Чавес арасында өткен жекпе-жек аяқталғаннан кейін Головкин мен Альварес арасындағы кездесудің өтетін уақыты белгіленді. Жанкүйерлер асыға күткен жекпе-жек 16 қыркүйекте өтетін болды. Бұл туралы prosports.kz хабарлады. Головкин бүгін осы бокс кешіне арнайы келген болатын. Кездесу соңында НВО арнасының тілшісі оны рингке шақырып, жекпе-жектің 16-шы қыркүйек күні өтетінін мәлімдеді. Осыған дейін екі боксшы ұзақ уақыт бойы келісімге келе алмаған болатын.Сонымен қатар, бұл келісім бүгінгі жекпе-жектің нәтижесіне де байланысты болды.Сауль Альварес 12 раундқа созылған жекпе-жекте отандасы кіші Чавестен басым түскен болатын. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен бокс кеші Лас-Вегаста, "T-Mobile Arena" кешенінде өтеді. Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы хабарлады.  

Серіктес жаңалықтары