Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың құжаттарын тексеру және биометриялық деректерін жинау мақсатында пәтерлерді аралап жүрген адамдар туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды turkystan.kz.
ІІМ аталған хабарламаның шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Мұндай жазбалар бұған дейін де таралып, полиция тарапынан жоққа шығарылған болатын.
Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.