Үш күнде 188 атыс қаруы тәркіленді – ІІМ

/
Үш күнде 188 атыс қаруы тәркіленді – ІІМ
polisia.kz

Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейту, оның ішінде қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам түрлі қару тәркіленді, оның ішінде 190 дана криминалдық қару бар, оның 162-сі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

20-22 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Үш күн ішінде 188 атыс қаруы, оның ішінде 17 ойық ұңғылы, 125 тегіс ұңғылы және 46 өзге де қару, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 500-ден астам оқ-дәрі мен сегіз граната тәркіленді.

- Мысалы, 20 қарашада Түркістан облысында полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынынан ойық ұңғылы винтовка, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, пневматикалық винтовка, белгі беру тапаншасы және әртүрлі калибрдегі 28 патрон тауып, тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары