304
Сұлулықтың шегін Франция бекітті
Сұлулықтың шегін Франция бекітті
Францияда сәндік көрсетілім мен жарнамалық түсірілімдерде ап-арық модельдерді көрсетуге тыйым салынатын заң қабылданды.
Бұл құжат модельдердің де, елдегі басқа азаматтардың да, соның ішінде жас әйелдердің денсаулығына қамқорлық таныту мақсатында қабылданды, деп мәлімдеді жұма күні денсаулық сақтау министрі Марисоль Турэн.
Оның айтуынша, табиғи емес және шынайы емес сұлулық талаптары әйелдердің өзін-өзі кем сезініп, өз кезегінде тамақты тойып жемеуіне әкеліп соқтырып жатыр.
Жаңа ережеге сәйкес, модельдер жұмысқа қабылданатын кезде дәрігерден денсаулық жағдайы туралы, соның ішінде дене салмағы индексінің (салмағы мен бойының қатынасы) қалыпты деңгейде екендігі жайлы анықтама алып келуі керек.
Жұмыс беруші заңды орындамаған жағдайда, 75 мың еуро айыппұл төлейді немесе алты айға дейін бас бостандығынан айырылады. Жаңа ереже 1 қазан күні күшіне енеді.