«27 жыл бойы іздеуде болды»: Павлодарда қарақшылық жасаған қылмыскер Ресейде ұсталды

/
«27 жыл бойы іздеуде болды»: Павлодарда қарақшылық жасаған қылмыскер Ресейде ұсталды
Polisia.kz

Павлодар облысы криминалдық полиция басқармасының жедел-іздестіру тобы Ресей ІІМ жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар жүргізу барысында Мәскеу қаласында іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 1999 жылдан бері Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуыл үшін полициядан бой тасалап, ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген.

Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Танжановтің мәліметінше, кейінгі 10 айда барлығы 82 қылмыскер іздеуде болды. Оның ішінде 62 қылмыскерді полицияның аумақтық бөлімшелері биыл іздеуге жариялаған. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген 73 қылмыскер анықталды. Олардың біреуі адам өлтіргені үшін, 3-еуі қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, 3-еуі тонау жасағаны үшін іздеуде болған.

Сонымен қатар қабылданған шаралар нәтижесінде облыс аумағында шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан 31 қылмыскер анықталды. Сондай-ақ ҚР тыс жерлерде шетел мемлекеттерінің аумағында жасырынып жүрген 7 қылмыскер анықталды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар