Ресейлік БАҚ-та суицид туралы жазуға тыйым салынбақ

Ресейлік БАҚ-та суицид туралы жазуға тыйым салынбақ

Ресейлік БАҚ-та суицид туралы жазуға тыйым салынбақ
ашық дереккөзі
244
Удмуртия мемлекеттік кеңесінің депутаттары Мемлекеттік думаға БАҚ пен блогерлердің өзіне-өзі қол салу оқиғалары мен оны қандай жолмен жасағаны туралы хабарлама таратуға тыйым салынатын заң жобасы ұсынылды. Бұл туралы   ТАСС-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Депутаттар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» федералдық заңдағы ақпарат құралдарының бостандығын теріс пайдалануға жол бермеу туралы бапты толықтыруды ұсынып жатыр. Ол жерге БАҚ пен ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде «өзін-өзі өлтіру тәсілдері, болған оқиғаның мән-жайы мен жағдайлары, сондай-ақ өзіне-өзі қол салуға тікелей немесе жанама итермелеу туралы ақпараттарды» таратуға тыйым салатын норманы енгізу туралы ұсыныс жасалды. Сонымен қатар, заң шығарушы билік өкілдері федералды заңға мұндай ақпараттарды балалар арасында таратуға рұқсат етпейтін сәйкес толықтыруларды енгізу керектігін атап өтті. Заң жобасының авторлары 80-жылдары метрода өзіне-өзі қол салу оқиғасы күрт артқан Аустралияның тәжірибесінен мысал келтіруде.  

Серіктес жаңалықтары