TikTok эфирінде балағат сөз айтқан маңғыстаулық жасөспірім жауапқа тартылды

/
TikTok эфирінде балағат сөз айтқан маңғыстаулық жасөспірім жауапқа тартылды
istockphoto.com

Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық сотында азамат К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 20 қазанда сағат 22:30 шамасында азамат К. TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирде отырып, былапыт сөздер айтқаны, осылайша айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сот отырысында азамат К. өз кінәсін мойындап, TikTok әлеуметтік желісінде ойын ойнау барысында эмоциялық күйге беріліп, басқа тұлғаның атына балағат сөздер айтқанын түсіндірді.

Сот қаулысымен азамат К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары