Қарағанды облысында браконьерлерден 2,5 тонна шаян тәркіленді

/
Қарағанды облысында браконьерлерден 2,5 тонна шаян тәркіленді
Polisia.kz

Қарағанды облысында заңсыз шаян аулап, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді. Приозерск қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде сегіз күдікті ұсталып, заңсыз ауланған 2,5 тоннадан астам шаян тәркіленді. Мемлекетке келтірілген алдын ала шығын көлемі – 20 миллион теңгеге жуық, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заңсыз әрекетті Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықтады.

Приозерск қаласында 23 пен 50 жас аралығындағы сегіз адам ұсталды. Олар шаяндарды заңсыз аулап, аса ірі мөлшерде сатумен айналысты деген күдікке ілінді. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында полицейлер 2 557 келі шаянды тәркіледі.

Сонымен қатар заттай дәлелдеме ретінде 115 паллет, заңсыз ауланған өнімді тасымалдауға пайдаланылған деген болжам бар жүк көлігі мен ГАЗель алынды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары