Қонаев қаласында белгісіз ер адамның мәйіті табылды

/
Қонаев қаласында белгісіз ер адамның мәйіті табылды
istockphoto.com

Алматы облысының Қонаев қаласында жеке басы әлі күнге дейін анықталмаған ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның жанынан оның кім екенін анықтауға көмектесетін құжаттар мен жеке заттар табылмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қоғам белсендісінің Instagram парақшасындағы мәліметке сүйенсек, ер адамның денесі 2026 жылғы 27 қыркүйекте Қонаев қаласындағы 8-ші және 10-шы шағын аудандардың арасынан табылған. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басын анықтауға көмек қажет. Фотосуреттегі адамды таныған немесе ол туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан хабарласу сұралады.

«Фотосуреттегі ер адамды таныған немесе ол туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан 8-778-435-3554 нөміріне хабарласуын сұраймын», – деп жазды Юлия Трофимова.

Марқұмның туыстарын іздеуге көмектесе алатын азаматтардан осы ақпаратты барынша тарату сұралады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары