Әскери қызмет мерзімі ұзармайды

Әскери қызмет мерзімі ұзармайды

Әскери қызмет мерзімі ұзармайды
ашық дереккөзі
2535
Қазақстанда мерзімді әскери қызметті өтеу мерзімі өзгермейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен интерактивті дәріс барысында  Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров мәлім етті. «Ел ішінде әскери қызмет 1 жылдан 2 жылға ұзартылады деген ақпарат тарады. Бірақ заң жүзінде бір жылдық уақыт белгіленгендіктен мерзімді әскери қызметті өтеу уақыты өзгеріссіз қалады. Борышын өтеу үшін шақырылған сарбаздарға әскери әдіс-тәсілдерді оқып-үйренуге он екі ай жеткілікті деп ойлаймын. Біз оларды жүргізуші, атқыш секілді маңызды мамандықтарға баулып, 1 жылдың ішінде толық игеріп шығуларына мүмкіндіктер жасаймыз. Өйткені біздің арнайы әскери округтерімізде мамандандырылған оқу орталықтары жұмыс жасайды. Келген жастар негізгі әскери бөлімге жеткенше сол жерден жан-жақты даярланып, дәріс алып шығады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары