Президенттің Жолдауы: аймақтардағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді

Президенттің Жолдауы: аймақтардағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының дамуына серпін беретін «Халықтық құрылыс» атты бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады.
 
Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық аймақты қамтуы керек.
 
Біз халқымыздың артып отырған зор үмітіне лайық болуымыз қажет.
 
Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін.
 
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ, 
 
Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін», – дейді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар