Көкшетауда сабақ үстінде жан тапсырған оқушының өлімі зерттелуде

Көкшетауда сабақ үстінде жан тапсырған оқушының өлімі зерттелуде

Көкшетауда сабақ үстінде жан тапсырған оқушының өлімі зерттелуде
ашық дереккөзі
236
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Көкшетаудағы №2 мектепте көз жұмған 15 жастағы оқушының өліміне қатысты түсініктеме жасады.  3 мамырда "КТК" арнасы Көкшетауда 15 жастағы мектеп оқушысының ажал құшқаны туралы хабарлаған болатын. Оқиға дене шынықтыру сабағы үстінде болған. Оқушы аяқасты есінен танып қалған. Алайда айналасындағылардың бәрі оның денсаулығы жақсы болғандығын айтады. № 2 мектептің директоры  Гүлнəр Əбдіқасымова: " Бірінші реанимациялық шаралар үшін толық жабдықталмаған жедел жəрдем бригадасы келді. Кейін өздері реанимациялық көлікті шақыртты. Жедел жәрдем 10-11 минуттан соң келді. Осы аралықта біз үшінші рет қоңырау шалдық. Екінші рет қоңырау шалғанда «өздеріңіздің медициналық қызметкерлеріңіз көмек көрсетсін» деді", деп, оқиғаның мән-жайы туралы айтқан болатын. "АДИС" бағдарламалық кешенінің талдауына сəйкес, шақыру Көкшетау қаласындағы  №2  орта мектептен ағымдағы жылдың 2 мамырында сағат 10:01-де түскен. 10:02-де медициналық жедел жəрдем бригадасы жіберіледі. 10:09 минутта медициналық жедел жәрдем мамандары аталған мектепте болған. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметіне соғылған телефон қоңыраулардың аудиожазбасына сəйкес, 3 рет қоңырау шалынған. «Жедел жәрдем мамандары келген кезде бала клиникалық өлім жағдайында болды: тыныс алу белгілері сезілмеді, қысымы, жүрек қағысы, көз жанарының жарыққа реакциясы болмады. Алдын ала клиникалық өлім диагнозы қойылды. Оған қоса, дəрігерлер бірден жүректі уқалау, ауыз қуысын тазалау, адреналин егу тəрізді реанимациялық шараларды жасады», делінген хабарламада. Мектеп оқушысы Ақмола облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Онда 40 минут бойы реанимациялық шаралар жалғасты. Өкінішке қарай, еш нәтижесіз, биологиялық өлімі тіркелді. «2017 жылдың 3 мамырында биологиялық материалдар алынып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Нақты диагнозы екі апта өткен соң шығарылатын болады" дейді басқармадағылар.

Серіктес жаңалықтары