Д.Лемье: Головкиннің осал тұсын білемін

Д.Лемье: Головкиннің осал тұсын білемін

Д.Лемье: Головкиннің осал тұсын білемін
ашық дереккөзі
174
Канада боксшысы Давид Лемье Геннадий Головкинмен қайта жұдырықтасудың сәті түссе, қалай жеңіске жетудің жолын білетінін айтты. Бұл туралы FightHub жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат.  - Мен Головкинмен қайта жұдырықтасуды қалаймын. Неліктен? Себебі мен енді оны қалай жеңудің жолын білемін. Ол - мықты боксшы, дегенмен қарапайым жан. Кез келген боксшының мықты әрі әлсіз тұстары болады. Мен өзімнің одан мықты тұсымды білемін. Оған қарсы жекпе-жекке шығу оңай емес. Бірақ оны жеңуге болады. Мен осал емеспін. Кез келген мықты боксшыны жеңуге шамам жетеді, - деді Давид Лемье. Айта кетейік, Давид Лемье келесі жекпе-жегін 6 мамыр күні Сауль Альварес пен Хулио Сезар Чавес арасындағы кездесудің андеркартында өткізеді. Мексикалық боксшы Маркос Рейеспен жұдырықтасады.  

Серіктес жаңалықтары