Бірінші тоқсандағы орташа айлық - 93 909 теңге

Бірінші тоқсандағы орташа айлық - 93 909 теңге

Бірінші тоқсандағы орташа айлық - 93 909 теңге
ашық дереккөзі
219
2017 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдайы бойынша, Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 93 909 теңгені құрады. 2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда атаулы жалақы индексі - 105,8%, нақты жалақы индексі 97,6% болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен мәлім етті. Салалық құрылымда ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде - 162 929 теңге (орташа облыстық деңгейден 1,7 есе жоғары), көлік және қоймалау 149 991 теңге (1,6 есе), ақпарат және байланыс қызметкерлері үшінші орында, олардың жалақысы 131 248 теңгені құрады (1,4 есе). Төмен жалақы деңгейі әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерде қалыптасты - 65 720 теңге, ол орта есеппен облыс бойынша көрсеткіштен 30% кем. Өнер, ойын-сауық және демалыс салаларының еңбеккерлері айына 71 660 теңге алып келді, бұл облыс бойынша көреткіштен 23,7% кем.

Серіктес жаңалықтары