Қазақстан мен Жапония ядролық сынақтарға тыйым салу шартын қолдады

Қазақстан мен Жапония ядролық сынақтарға тыйым салу шартын қолдады

Қазақстан мен Жапония ядролық сынақтарға тыйым салу шартын қолдады
ашық дереккөзі
239
Вена қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың, Жапонияның Сыртқы істер министрі Фумио Кисиданың және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербоның Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына (ЯСЖТШ) қолдау көрсету бойынша бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған үшжақты құжаттың қабылдану мәселесіне арналған баспасөз -брифингі барысында Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы Семей сынақ полигонын жабу туралы қабылданған тарихи маңызды шешімі басқа елдердегі сынақ полигондардағы ядролық сынақтардың тоқталуына әсер етіп, 1996 жылы ЯСЖТШ-ны қабылдауға негізін салғанын атап өтті. Сондай-ақ Қ. Сарыбай Елбасының «Манифест. Әлем XXI ғасыр» атты бастамасының, сондай-ақ Ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі халықаралық күні мен «АТОМ» жобасының маңыздылығына және өзектілігіне ерекше назар аударды. Қазақстан мен Жапонияның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының және ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысының бірлескен мәлімдемесінде ядролық қарусыз әлемді құруға бейілділік, соның ішінде ЯСЖТШ жедел түрде күшіне енуі, Шарттың әмбебаптануы, сондай-ақ ядролық сынақтарды анықтау жөніндегі бақылау режімін күшейту атап өтілген. Қазақстан мен Жапонияның ядролық қарудың апатты салдарын жеңу бойынша тәжірибесіне сүйене отырып, тараптар жоғарыда аталған күш-жігерлерді біріктіруге және жандандыра түсуге шақырды.    

Серіктес жаңалықтары