15 қараша күні Астанада Abu Dhabi Plaza кешенінің жанындағы саябақта ASTANA WINTER PARK атты жаңа мұз айдыны ашылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жаңа нысан дәстүрлі мұз айдынынан өзгеше болмақ. Ол ұзындығы 1,4 шақырым болатын біртұтас бағытқа біріктірілген мұз жолдарынан тұрады. Мұз жабынының жалпы ауданы – шамамен 6 мың шаршы метр.
Жобаның тұжырымдамасы конькимен сырғанап қана қоймай, мұз үстінде серуендеуге мүмкіндік беретін еуропалық мұз саябақтарының үлгісіне негізделген.
Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жылы павильондар, коньки жалға беру орындары, отбасылық демалыс аймақтары қарастырылған. Сондай-ақ аумақ мерекелік жарықтармен безендіріліп, жаңа жылдық инсталляциялар орнатылады.
Алғашқы сырғанау маусымы 2027 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.