Ақмола облысында балық аулауға барған зейнеткер өзенге батып кетті

/
Ақмола облысында балық аулауға барған зейнеткер өзенге батып кетті
istockphoto.com

Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулауға барған 1958 жылы туған ер адам суға батып кетті. Оның денесі Никольское ауылының маңындағы Жарлыкөл көлінен табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы хабарлама 13 қазанда түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, 68 жастағы азамат балық аулауға барған.

Іздестіру жұмыстары барысында жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылған. 14 қазан күні таңертең ер адамның денесі судан табылып, жағаға шығарылды.

Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жергілікті тұрғындар қатысты.

Құтқарушылар балықшыларды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және міндетті түрде құтқару кеудешесін киюге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары