Сәкен Майғазиевтің анасы дүние салды

/
Сәкен Майғазиевтің анасы дүние салды
Әлеуметтік желі

Белгілі әнші, "МузАРТ" триосының мүшесі Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы әншінің Instagram парақшасында жарияланды.

«Ұлтай Мырзамбекқызы Раббысына қайтты. Жаназа намазы Түркістан облысы, Созақ ауылында өтеді», - делінген жазбада.

Былтыр әншінің өзі әпкесінің өлімі анасына ауыр тигенін, содан кейін анасының әлсіреп қалғанын айтып, жазба жариялаған болатын.

«Алматыға жүріңіз, кеттік деп әпкем тірі кезде алып кете беретінмін. Қазір енді қызы қайтыс болғанда жүргені несі деген оймен сол күйі қалып қойды. Ары-бері жүрмейді, ешқайда шықпай қалды. Негізі кез-келген ата-анасы тірі адамдарға айтатыным, отырғызбау керек. Ары-бері жүргізе беру керек, қыдырту керек, тойға апару керек. Ләйләға сол үшін риза боламын, анасымен бағдарлама түсіріп, ойын біліп. Қазір төселіп қалды, камерадан да сескенбейді. Сен үлгі болып жүрсің. Әке-шешеміз тірі кезде анда-мында апару керек, қыдырту керек. Бүркітке риза болдым, одан кейін Ерке Есмахан өз анасын Төрештің тойына алып келді. Көзі тірі кезінде Медеу Арынбаев, Дәулет Тұрлыханов, Жеңіс Ысқақованың анасын үйге шақырдым. Көп аналарды үйге шақыруға тырысамын. Сол жүргісі келмей қалды ғой. Былайша айтқанда, өз-өзін тастай салды. Аталатпасаң да, боталатпа деген осы екен», – деген еді әнші.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар