Араб ханзадасы: Иранмен ешқашан түсіністікке қол жеткізе алмаймыз

Араб ханзадасы: Иранмен ешқашан түсіністікке қол жеткізе алмаймыз

Араб ханзадасы: Иранмен ешқашан түсіністікке қол жеткізе алмаймыз
ашық дереккөзі
288
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы әрі Қорғаныс министрі Мұхаммад Бин Салман «әл-Арабия» телеарнасына берген сұхбатында: «Біз Йеменмен амалсыздан соғыстық. Сауд Арабия мен Иран ешқашан түсіністік таба алмайды», – деген пікір білдірді. Бұл туралы «Парс.АҚПАРАТ» агенттігі хабарлап отыр деп жазады сілтемемен"The Qazaq Times". Аталған агенттіктің хабарлауынша Сауд Арабия Иранға ашықтан ашық жаулық позиция ұстанып отыр екен. Өз сұхбатында Арабияның мұрагер ханзадасы Мысырмен араздасып отырғанын теріске шығарып: «Мысыр мен Сауд Арабиясы арасында ешқандай бір келіспеушілік жоқ. Бұл тек Иран жақтың шығарып отырған қауесеті», – деген екен. Иран тарабы Арабиядан келетін барлық қысымдарға сәл қарамайтыны анық. Екі ел Орта-Шығыс шиеленістерінде бір-бірін себепкер етіп көрсетуге тырысып келеді. Екі мемлекет арасындағы тірестің әлі де толастамайтыны, тіпті ғасырлық күрестерге ұласуы мүмкін екені анық. Соның ең басты себебінің бірі наным мен сенім айырмашылығынан келіп шығуда. Араб ханзадасы ирандықтар Иран ислам революциясынан кейін дамудан кенде қалды деп қарайды. Бұл сөз Иран ақпараттық құралдарында күшті айыптауларға ұшырап жатыр. Орта-Шығыс жанжалдарында араб елі Иранды басты себепкер етіп көрсетсе, ал Иран жағы керісінше арабтарды кінәлі деп көрсетеді. Йемендегі қырғыншылықтың басты қанды қолы Сауд режимі деп көрсетеді.  

Серіктес жаңалықтары