Ақтауда 50 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

/
Ақтауда 50 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр
istockphoto.com

Ақтауда 17 қыркүйекте жоғалып кеткен Асылбек Джаманов іздестіріліп жатыр. Ол 38-шағынаудандағы үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Қазір қайда екені белгісіз, деп хабарлайды turkystan.kz.

Lider.kz еріктілер қозғалысының мәліметінше, жоғалып кеткен адамның белгілері: бойы – 165–170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара.

Жоғалған күні үстінде көк жейде, қара шалбар және қара түсті аяқкиім болған.

Полицияның мәліметінше, іздестіру жұмыстары Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерімен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Іздеуге құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған. Іздестіру шаралары Қарақия ауданының аумағында да жүргізіліп жатыр.

Асылбек Джамановтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөмірлеріне хабарласу сұралады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар