«Аягөз – Таскескен» автожолында жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

/
«Аягөз – Таскескен» автожолында жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

«Аягөз – Таскескен» автожолында анықталған ақауларға байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ уәкілетті органдармен бірлесіп, қосымша бақылау шараларын қолға алды. Жол жамылғысының бұзылуына әсер ететін факторлардың бірі – рұқсат етілген салмақ мөлшерінен асатын ауыр жүк көліктерінің қозғалысы, деп хабарлайды turkystan.kz.

1 қазаннан бастап аталған бағытта салмақ-габариттік бақылау күшейтілді. Көліктік бақылау инспекциясының төрт экипажы жүк көліктерінің белгіленген талаптарды сақтауын тексеруде.

Қайта жаңартылған жол бөліктеріне екі жылдық кепілдік берілген. Осы мерзімде анықталған ақауларды мердігер ұйым өз қаражаты есебінен жоюға міндетті.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүк тасымалдаушыларды белгіленген салмақ-габариттік талаптарды сақтауға шақырады. Жол жамылғысының мерзімінен бұрын тозуын болдырмау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы бақылау шаралары жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары