Сыбайлас жемқорлық жасаған азаматтан мемлекет кірісіне 12 млн теңге өндірілді

/
Сыбайлас жемқорлық жасаған азаматтан мемлекет кірісіне 12 млн теңге өндірілді
istockphoto.com

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот мүлікті тәркілеу мәселесінің дұрыс шешілмеуіне байланысты енгізілген Бас прокуратураның наразылығын қанағаттандырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс бойынша азамат «М» жекелеген адамдарға қамқорлық жасағаны үшін 12 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақыны бірнеше рет алғаны анықталды.

Сот үкімімен ол нақты бас бостандығынан айыруға сотталды. Алайда заңсыз алынған ақша қаражатын өндіріп алу мәселесі шешілмеген.

Прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот бұл мәселені қайта қарауға жатады деп танып, «М»-нен мемлекет кірісіне 12 млн теңге өндірді.

Биыл бас-аяғы Бас прокуратураның 7 наразылығы қанағаттандырылып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының нәтижесінде алынған 50 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары