Павлодар облысында полиция далада адасып кеткен әйелді тапты

/
Павлодар облысында полиция далада адасып кеткен әйелді тапты
Polisia.kz

Павлодар облысының полиция қызметкерлеріне кезекті алғыс Қостанай облысындағы гемофилиямен ауыратын мүгедектер қауымдастығы "Тұмар" ұйымының басшысы Лейла Балғабаевадан келіп түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

- Май аудандық полиция қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін. Мен далада адасып кеткен әйелді тауып беруді сұрап хабарластым. Жедел басқару орталығының инспекторы Бауыржан Үкібасов бірден учаскелік полиция инспекторы Қадырбек Ешмұхаметовті жіберді. Полиция қызметкерлері аумақты тексеріп, біраз уақыттан кейін әйелді аман-есен тапты. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды, - дейді Лейла Балғабаева.

Анықталғандай Қостанай қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы бір ер адаммен танысып, онымен бірге тұру үшін келген.

Қыркүйек айының бір күнінде ол ер адаммен жанжалдасып қалып, ренішпен үйден шығып кеткен. Алайда жолда бағыт-бағдарын жоғалтып, үйіне өздігінен қайтып келе алмаған.

Қазір әйел Қостанай қаласында, анасына тапсырылды.

- Әрбір алғыс - полиция қызметкерлерінің еңбегіне берілген жоғары баға әрі олардың жұмысына үлкен ынталандыру. Біз бұдан әрі де өңір тұрғындарының өздерін қауіпсіз сезінуі және полицияға сенім артуы үшін бар күшімізді саламыз, - дейді тәртіп сақшылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары