Целиноград ауданының прокуратурасы білім беру саласына тексеріс жүргізіп, зейнеткерлік жасқа толған азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты еңбек шарты тоқтатылған бірқатар қызметкерлерге заңнамада көзделген өтемақылардың тиісті деңгейде төленбегені анықталған.
Прокуратураның араласуы нәтижесінде 68 зейнеткердің конституциялық және еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 11 млн теңге көлемінде заңда көзделген өтемақылар төленді.