Абай облысында бір аптада 30-ға жуық заңсыз граффити өшірілді

/
Абай облысында бір аптада 30-ға жуық заңсыз граффити өшірілді
polisia.kz

Абай облысында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Өткен аптада өңірде жүргізілген рейдтік және профилактикалық іс-шаралар барысында 30-ға жуық заңсыз граффити анықталып, жойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталған жазулардың 10-ы есірткі заттарының заңсыз айналымын насихаттайтын және күмәнді интернет-ресурстарға сілтеме жасайтын мазмұнда болған.

Құзырлы қызметтердің мәліметінше, қоғамдық орындардағы мұндай жазулар қала келбетіне кері әсер етіп қана қоймай, заңсыз ақпараттың таралуына да ықпал етеді. Осыған байланысты анықталған граффитилер жедел түрде өшіріліп, олардың қайта пайда болуына жол бермеу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мамандар азаматтарды қоғамдық орындарда есірткі заттарын насихаттайтын немесе күмәнді интернет-ресурстарға сілтеме жасайтын жазуларды байқаған жағдайда, бұл туралы құзырлы органдарға хабарлауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қаланың тазалығын сақтау — мемлекеттік органдармен қатар, тұрғындардың да ортақ жауапкершілігі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар