ТЖМ автокөлік иелеріне маңызды ескерту жасады

/
ТЖМ автокөлік иелеріне маңызды ескерту жасады
ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне бірқатар шартты орындау қажет екенін еске салады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мамандар көлік иелеріне:

  • автокөлікті техникалық байқаудан уақытылы өткізуді;
  • электр жабдықтарын тек мамандандырылған орталықтарда орнатуды;
  • жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында үнемі ұстауды;
  • қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылауды;
  • көлікте бөгде және тез тұтанатын заттарды сақтамауды;
  • жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдауды ескертеді.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Астанада автотұрақта тұрған бес көлік өртеніп, бір адам ауыр жарақат алған еді. 
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары