Әнші Еңлік Құрарбек АҚШ елшісімен бірге ән шырқады (ВИДЕО)

/
Әнші Еңлік Құрарбек АҚШ елшісімен бірге ән шырқады (ВИДЕО)
Скриншот

Әнші Еңлік Құрарбек АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен бірге қазақ тіліндегі «Meili» әнін орындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың ән айтқан бейнежазбасы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің желідегі парақшасында жарияланды. Дипломат пен өнер иесі әннің бір бөлігін киіз үйдің ішінде, қалған бөлігін ашық аспан астында орындаған.

Айта кетейік, «Meili» әні – Еңліктің ең танымал композицияларының бірі. Ән 2025 жылдың қыркүйегінде жарыққа шығып, әлеуметтік желілерде кең таралып, миллиондаған қаралым жинаған. Композиция шетелдік тыңдармандар арасында да танымал болды.

Джули Стаффт бұған дейін де қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқан. Ол отбасымен бірге домбыра тарту сабағына қатысып, ұлттық аспапта ойнап көрген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары