Елордадағы «Шапағат» базарының жанынан 47 жастағы әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Zakon.kz.-ке сілтеме жасап.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оның денесінде зорлықпен өлтірілгенін көрсететін көзге көрінерлік белгілер болмаған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің денсаулығы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ол қайтыс болған», – деп хабарлады полиция.