Жасанды интеллект бойынша Орталық Азия серіктестігін құруды ұсынамын – Президент

/
Жасанды интеллект бойынша Орталық Азия серіктестігін құруды ұсынамын – Президент
istockphoto.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуінде жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Қазақстан жасанды интеллектінің біртұтас экожүйесін дәйекті түрде құра бастады. «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Digital Qazaqstan стратегиясы жүзеге асырылуда. Суперкомпьютер кластері іске қосылды. Alem.ai халықаралық орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл тақырып өте өзекті. Осыны ескеріп, жасанды интеллект бойынша Орталық Азия серіктестігін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Оның аясында елдеріміздің ғылыми орталықтары, университеттері, технологиялық компаниялары ақпарат пен тәжірибе алмаса алады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті нейрожелілерді қауіпсіз пайдалану маңызды деп санайды. Бұған қатысты қауіп-қатер халықаралық деңгейде қызу талқыланып жатыр.

– Меніңше, аса маңызды технологияларды бақылаудың бірлескен тәсілдерін әзірлеуге уақыт оздырмай кірісу керек. Осыны ескере отырып, Қазақстан Орталық Азия елдері мен Әзербайжанға жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану туралы декларация әзірлеуді ұсынды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар